Компания – өңірдегі ең ірі жұмыс беруші
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы АltynEx Company-ға тиесілі шахтада жұмысшы көз жұмды, деп хабарлады Orda.kz.
Қайғылы оқиға бүгін сағат 9:30-да болған.
Бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. 48 жастағы энергетик шахта желдеткішінің жанында болған. Ол кабель жүргізіп жатқан. Жүк көлігінің жүргізушісі ештеңе көрмегенін айтты, - деді Ақтөбе облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Искарин
Айта кетейік, АltynEx Company алтын өндіреді. Ведомство мәліметінше, ондағы жұмысшылардың 98%-ы қазақтандықтар, әрі ол – өңірдегі ең ірі жұмыс беруші.