Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысында жұмысшы көз жұмды

Компания – өңірдегі ең ірі жұмыс беруші

 Дәурен Ерболат 20.12.2022 | 17:27
Ақтөбе облысында жұмысшы көз жұмды
Фото: UmiHelp

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы АltynEx Company-ға тиесілі шахтада жұмысшы көз жұмды, деп хабарлады Orda.kz.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 9:30-да болған.

Бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. 48 жастағы энергетик шахта желдеткішінің жанында болған. Ол кабель жүргізіп жатқан. Жүк көлігінің жүргізушісі ештеңе көрмегенін айтты, - деді Ақтөбе облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Искарин

Айта кетейік, АltynEx Company алтын өндіреді. Ведомство мәліметінше, ондағы жұмысшылардың 98%-ы қазақтандықтар, әрі ол – өңірдегі ең ірі жұмыс беруші.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама