Ол бұған дейін Президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған
Данияр Қадыров ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.
Қазақстан үкіметінің қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деді премьер-министрдің баспасөз қызметі.
ДАНИЯР ҚАДЫРОВ
1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Мәдениет министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.
2000-2004 жылдары — Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарған.
2004-2005 жылдары — БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары; жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
2005-2007 жылдары — Степногорск қаласы әкімінің орынбасары.
2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды.
2007-2013 жылдары — ҚР Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.
2013-2015 жылдары — ҚР Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.
2015-2019 жылдары — «ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры.
2019 жылдан бастап қазірге дейін Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.