×

Қостанай жылу энергетикалық компаниясының директоры сотталды

Ол қызметін асыра пайдаланған

 Дәурен Ерболат 20.12.2022 | 16:50
Фото: collpart.kz

«Қостанай жылу энергетикалық компаниясының» директоры Асқар Бекпағанбетовке сот үкімі шықты, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі.

Биыл 13 желтоқсанда Қостанай облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімімен «Қостанай жылу энергетикалық компаниясының» директоры Асқар Бекпағанбетов 4 жылға бас бостандығынан және мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан айырылды, - деп жазылған хабарламада.

Антикор мәліметінше, осы үкіммен «Теплоэнергомонтажстрой» ЖШС-нің басшысы Рүстем Зиннатуллин мен «АлатауСтрой-2009» ЖШС-нің басшысы Төлеген Тұрлығұлов 2 жылғы бас бостандығынан айырылды. Енді олар мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметті атқара алмайды.

Асқар Бекпағанбетов лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған. Ол газ бен мазутты жеткізуге «КосДинКом» ЖШС-мен бұрын жасалған келісімшартты заңсыз бұзып, «Теплоэнергомонтажстрой» ЖШС және «Алатаустрой-2009» ЖШС мен оның бақылауындағы компаниялармен жабдықтарды Қостанай ЖЭО-ға жоғары бағамен жеткізуге және монтаждауға басқа келісімшарт жасасып, мемлекетке 15 млн теңге көлемінде залал келтірді, - деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама