×

Ташкентте Абайдың шығармашылық мұрасына арналған көрме ашылды

Мәдени іс-шарада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған қойылымдар көрсетіледі 

 Дастан Жұмабекұлы 20.12.2022 | 12:04
фото: ашық дереккөз

Ташкент қаласындағы Өзбекстан бейнелеу өнері галереясында «Абай. Бауырлас халықтардың мұрасы» атты ұлы ойшыл, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды.

Оның ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары – Туризм және мәдени мұра министрі Әзиз Әбдіхақымов, екі елдің және басқа да өкілдері  қатысты.

30 желтоқсанға дейін жалғасатын көрмеде қазақтың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі, сәндік-қолданбалы өнері, Абай туралы басылымдар және оның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіледі.

Көрмеде Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары – Туризм және мәдени мұра министрі Әзиз Әбдіхақымов қазір түркі халықтарының мәдени мұрасын сақтау және қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыстартар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармашылығына арналған көрменің ашылуы – Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достықтың нығайып келе жатқанын көрсетеді. Бұл көрме ұлы ойшыл Әлішер Науаидің гуманистік дәстүрлерін сақтаған Абай шығармашылығын жақсы түсінуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Оның шығыс пен батыстың бірлігі, әлемдік мұраны игеру қажеттілігі, энциклопедизмге ұмтылу, адам табиғатын жетілдіру туралы идеялары қазіргі кезеңде де өзектілігін жоғалтқан жоқ», – деді Әзиз Әбдіхақымов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20