×

Қазақстан әлем чемпионатында альпинизмнен 1-орын алды

Бүкіл маршруттың ұзындығы - 1 670 метр, биіктік айырмашылығы - 910 метр

 Динара Амантай 20.12.2022 | 11:35
Фото: t.me/almaty_akimat

Қазақстан 2022 жылғы әлем чемпионатында альпинизмнен 1-орын алды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Халықаралық спорттық альпинизм федерациясы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Верный шыңына алғашқы болып өткен Қазақстан құрама командасы 1-орынды иеленді. Қазақстандық командаға альпинистер Роман Шестернин, Леонид Крупа, Закиржан Абдураимов және Станислав Лайнопуло енді.

Бүкіл маршруттың ұзындығы – 1 670 метр, биіктік айырмашылығы – 910 метр. Команда бағыт бойынша 6 түн болып, арнайы платформада түнеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама