Halyq Uni логотип
×

Өзбекстан Еуропаға тауарды Ресейді айналып өтіп апара жатыр

Жолдың қашықтығы – 4 мың шақырым

 Дастан Жұмабекұлы 20.12.2022 | 11:27
Өзбекстан Еуропаға тауарды Ресейді айналып өтіп апара жатыр
фото: ашық дереккөз

Өзбекстан Республикасының Еуропа елдеріне тауар апара жатқан жүк пойызы жолға шықты. Ол Болгарияға Түркіменстан арқылы Ресейді айналып өтіп барады.

Пойызда 46 вагон бар. Ол Өзбекстан – Түркіменстан – Әзербайжан – Грузия – Болгария бағытында жүреді. Жолдың қашықтығы – 4 мың шақырым.

Осыған байланысты Өзбекстанда президент Шавкат Мирзияевке теміржол саласындағы ірі халықаралық жобалардың қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берілді. Ел президентімен кездесуде теміржол саласының басшылары 454 шақырымдық «Өзбекстан – Қырғызстан - Қытай» темір жолының құрылысы туралы да айтты.

Баяндамада жоспардағы жұмыстар да сөз болды. Атап айтқанда, Бішкекте жобалық кеңсе құрылады. Жобаны басқару стилі мен процедурасы талқыланады. Халықаралық қаржы ұйымдарымен келіссөздер жүргізіледі. Жалпы, 1 маусымға дейін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау жоспарланған. Сонымен бірге 765 шақырымға арналған «Термез – Мазари-Шариф – Қабул – Пешавар» темір жолының құрылысы туралы да хабарланды.

Өзбекстан президенті аталған теміржол құрылыстарын мақұлдап, әріптес елдермен «жол картасын» әзірлеуге тапсырма берді.

Осы екі темір жолдың құрылысы Өзбекстанның көлік коммуникацияларын әртараптандырып, логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді, –  деді Шафкат Мирзияев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама