×

Мәжіліс спикері Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

Қос палатаның бірлескен отырысы 16 наурызда өтеді

 Қымбат Елтайқызы 11.03.2022 | 09:11
Ерлан Қошанов, фото: gov.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 наурызда сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында өтпек.   

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынатынын айтты.

Парламент палаталарының бірлескен отырысын, палаталардың депутаттарына алдын ала хабарлай отырып, Мәжiлiс төрағасы шақырады. Бұл ретте Мәжiлiс төрағасы Парламенттiң бірлескен отырысын шақыру туралы өкiм шығарып, оны Парламент депутаттарына хабарлайды.

Парламент палаталарының бірлескен отырыстары сағат 12-ден 12 сағат 30 минөтке дейiн және сағат 14-тен 16-ға дейiн үзiлiс жасай отырып, сағат 10-нан 18-ге дейiн өткiзiледi.

Парламент палатаның бірлескен отырысын өткiзудiң өзгеше уақыты туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.

Төрағалық етушi отырыстарда өз бастамасы бойынша немесе Парламенттiң қатысып отырған депутаттары саны көпшiлiгiнiң ұсынысы бойынша үзiлiстер жариялайды.

Парламент палаталарының бiрлескен отырыстары кезiнде Парламент пен оның палаталары жұмыс органдарының отырыстары өткiзiлмейдi.

Парламенттің отырысы оған әр палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқықты болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама