Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында 15-28 градус аяз болады
«Қазгидромет» РМК 20-22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.
«Қар, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Суық арктикалық ауа массасының әсерінен республиканың барлық аумағында ауа температурасы төмендейді, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында 15-28 градус аяз болады», -делінген хабарламада.