×

Ақмола облысында ер адам атылып өлді: оқиғаға қатысты тың мәлімет шықты

Ақмола облысында Ауған соғысының ардагері атылып өлді

 Халық үні 19.12.2022 | 21:48
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Ақмола облысында Ауған соғысының ардагері атылып өлді. Свабодное ауылының тұрғыны суицидке бармас бұрын әйелі мен баласын өлтірмекші болған екен. Абырой болғанда аңшы мылтығынан атылған оқ тимей қалған, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын 60 жастағы кәсіпкердің бұл қадамға не үшін барғаны белгісіз. Үйіне ашулы келген ол аңшы мылтығымен әйелін атқан. Бірақ оқ келіншектің басын жанап өтіпті. Осы кезде үйден 20 жастағы ұлы жүгіріп шығып, әкесінің қолындағы қаруын тартып алған. Бірақ ашуға мінген азамат үйде жасырылған екінші қосауыз мылтығын алып шығып, өзін-өзі атып тастаған. Айғай-шуды естіген көршілері полицияға хабар бергенімен, кәсіпкерді ешкім құтқарып қала алмады. Марқұм өзінен 16 жас кіші келіншегін қызғанды деген болжам бар. Тіпті атып өлтірмек болған әйелі бұрынғы өгей қызы деген де ақпарат айтылуда. 

«Полиция оқиға орнына келгенде ол азамат өзін басынан атып, суицид жасап үлгерген. Екі қару да заңды тіркелген. Қазір «Адам өлтіруге оқталу» және «Өзін өзі өлтіруге итермелеу» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Және де адам өліміне әкелген оқиғаның себе- салдары тексеріліп жатыр», - дейді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі Әсем Әбдірахманова.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында ер адам әйелі мен баласын соққыға жығып, кейін өзіне қол салғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама