Halyq Uni логотип
×

Мусин телефон алаяқтарымен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты

Бүгінде алаяқтық дерегі азайған

 Дәурен Ерболат 19.12.2022 | 18:55
Мусин телефон алаяқтарымен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты
Фото: Tengrinews.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин телефон алаяқтарымен күрес қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол бұл мәселені бірнеше рет Ішкі істер министрлігі және байланыс операторларымен талқылағанын жеткізді.

«Ұялы байланыс операторлары тиісті интеграцияны жүргізіп жатыр. Олардың әрқайсысы алаяқтарды анықтауды үйреніп келеді. Енді олар бір-бірімен жалпы ақпарат алмасуды күшейту бағытында тиісті интеграцияны іске асыруда. Бұл жұмыстар алаяқтардың нөмірлерін анықтап, оларды бұғаттауға бағытталған. Операторлар алаяқтар пайдаланатын нөмірлерді бұғаттауды үйренді. Қазір алаяқтардың әрекеттері азайып келеді. Дегенмен бұл алаяқтардың телефон нөмірлерімізді пайдалануы және оларды шетелге шығару мүмкіндігі әлі де бар», - деді Бағдат Мусин Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Сондай-ақ ол телефон алаяқтық дерегін азайту үшін ақпараттық қауіпсіздікті күшейту керегін атап өтті.

Мұнда бір SMS арқылы несие беру мүмкін болмас үшін екінші деңгейлі банктермен мәселені пысықтау керек. Бүгінде кредит алу өте оңай. Біз үш факторлы сәйкестендіруді ұсынып отырмыз яғни міндетті форматтағы геометриялық сәйкестендіру қажет. SMS екінші фактор болса, үшінші фактор аясында барлық рәсім электрондық қолтаңбамен бекітілуі тиіс, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама