×

Аргентина құрамасы әлем чемпионы атағы үшін 10 млн доллар алды

Жүлде сертификаты киім ауыстыратын бөлмеде табыс етілді

 Дастан Жұмабекұлы 19.12.2022 | 17:35
фото: ашық дереккөз

Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы (COMNEBOL) Аргентина құрама командасының ойыншыларына Катарда өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін 10 млн доллар көлемінде чек сыйлады.

Бұл туралы COMNEBOL президенті Алехандро Домингес Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Айта кетсек, кеше Аргентина құрамасы әлем чемпионатының финалында Францияны пенальти сериясында жеңген еді.

Жүлде сертификаты финалдан кейін Аргентина құрамасының киім ауыстыратын бөлмесінде табыс етілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама