«Мен оның уайымын түсінемін». Франция президенті Мбаппені жұбатты
Мен оған небәрі 24 жаста екенін айттым, - дейді ол
Франция президенті Эммануэль Макрон Аргентинамен финалдағы жеңілістен кейін ұлттық команданың шабуылшысы Килиан Мбаппеге қолдау көрсетті.
Оның айтуынша, француздар бірінші таймда сәтсіз өнер көрсетті. Бірақ Мбаппе ойынды өзгерте алды.
Мбаппе – керемет ойыншы. Алайда ол – жас. Мен оған небәрі 24 жаста екенін айттым. Ол осы әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанды. Қазірдің өзінде финалға жетті, чемпион болды. Мен оның уайымын түсінемін. Бұл – спорт, - деді Эммануэль Макрон.
Айта кетсек, бұл жолы Аргентина құрамасы үшінші рет әлем чемпионатының жеңімпазы атанып отыр. Ал олардың финалдағы қарсыласы – француздар 1998, 2018 жылдары әлем чемпионы болған еді.