Елімізде жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады
Синоптиктер 19 желтоқсандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Мамандар бүгін болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында моңғол антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, - деп жазылған хабарламада.
Батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді деп болжанып отыр.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Алматы, Маңғыстау облыстарына, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарына тұман түседі.