Halyq Uni логотип
×

«Өмір бойы біреуді байыта береміз бе?»: Имам пайызға үй алу туралы айтты (ВИДЕО)

 Қаңғып-қаңғып біттік, дейді ол

 Халық үні 18.12.2022 | 22:56
«Өмір бойы біреуді байыта береміз бе?»: Имам пайызға үй алу туралы айтты (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде танымал болып кеткен имам Нұрлан Байжігітұлы «Отбасы банкке» ақша жинап, пайызбен пәтер алу күнә деп санайтындарға жауап берді, деп жазады Halyq Uni тілшісі. 

TikTok-тағы тікелей эфир кезінде оқырмандардың бірі имамға «Отбасы банкке ақша құйып, үй алу күнә емес пе?» деген сұрақ қойды. 

Имамның айтуынша, біз қазір өз елімізде біреуге телмірген жұрт болдық. 

«Күнә емес. Қаңғып-қаңғып біттік. Өз елімізде біреуге телмірген жұрт болдық. Оның да уақыты өтті. Алуға болмайды деп жүргендердің өзінің пәтері бар. Өмір бойы ақша жинап, өмір бойы біреуді байыта береміз бе? Әр нәрсе өз жөнімен болуы керек», – деп жауап берді имам. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама