×

Тоқаев брондалған дөңгелекті техника шығаратын зауытты аралады

Президент шығаратын өнімдерді заман талабына сай жаңартуға шақырды

 Халық үні 10.03.2022 | 17:01
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада брондалған дөңгелекті техника шығаратын және жаңартатын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытын аралады.

Президентке отандық брондалған дөңгелекті машина шығару жұмыстары көрсетілді және қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорны өнімдерінің көрмесі таныстырылды.

Мемлекет басшысына компанияның жұмысы мен отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жағдайы жөнінде мәлімет берілді.

Зауытты аралап шыққан Қасым-Жомарт Тоқаев аталған саланы дамытудың перспективті бағыттарын айқындап берді. Сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау қажет екенін атап өтіп, шығаратын өнімдерді техникалық тұрғыдан заман талабына сай жаңартуға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Үржар ауданында 2,6 млрд теңге жұмсалған су құбырлары толық тартылмаған

Жұмыс орындалып, бөлінген сома толық игерілді деген актіге қол қойылған
10.06.2023 | 14:24

«SCAT» компаниясы Пәкістанға әуе рейстерін ашады

Әуе кемелері аптасына 2 рейс жиілігімен ұшады
10.06.2023 | 13:18

Абай облысында монополист жылу энергиясының бағасын негізсіз қымбаттатқан

Өңірде 900-ден аса тұрғынның құқығы қорғалды
10.06.2023 | 12:50