«Ирина Кайратовна» тобының режиссері топтан кететінін мәлімдеді
Ары қарай жаңа белестерге жол тарттым, - дейді ол
Қазақ жастары арасында кеңінен танымал «Ирина Кайратовна» тобының режиссері Қуаныш Бейсеков өзінің Instargam-дағы парақшасында топтан кететінін мәлімдеді. Айтуынша, ол басқа жобаны қолға алған.
Ары қарай өзімнің қорым арқылы қазақ тарихы пен этнографиясын жеңіл түрде жеткізуге бел будым. Балалармен бірге бәріміз үлкен нәрселерді армандап, жұмысымызды суық Астанада бастап едік.
«Ирина Кайратовна» - әрдайым жүрегімде ерекше орын алатын жоба. Алдияр, Азамат, Илья, Жасұлан және Ұланға үлкен рақмет, сендерсіз қайда болатынымды білмейді екенмін. Беретінімді бердім деп ойлаймын, ары қарай жаңа белестерге жол тарттым», - деп жазды ол.