×

Ақмолалық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді шөптің жаңа сұрпын ойлап тапты

Ол жылына әр гектардан 250 центнерге дейін өнім береді

 Еркеғали Болатұлы 18.12.2022 | 14:57
фото: дереккөз

Бұл көпжылдық шөп өңірдің климаттық жағдайына толығымен сәйкес келеді, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

Сала мамандарының айтуынша, жаңа сұрыптың артықшылығы мен кемшілігі арнайы алқаптарда сыналатын болады. Мысалы, бұл көпжылдық шөп жылына әр гектардан 250 центнерге дейін өнім береді екен. Ең бастысы, өсімдіктің өнімділігіне жаздың аптап ыстығы мен құрғақшылығы аса әсер етпейді. Агрономдар жаңа сұрыпты әлі де жетілдіре түспек.

«Әр өсімдіктің өзіндік кемшілігі болады. Селекционерлер онымен күресуге тырысады. Ақылдаса отырып, жаңа сұрыпқа қажет кейбір заттарды мүлде қоспауы мүмкін.

Кей өсімдіктің уақыт өте келе өнімділігі төмендейді. Бұл 4-5 жылда белгілі болады. Міне, біз осы олқылықтардың алдын алуға барымызды саламыз.

Егер қалаған өнімділікке қол жеткізсек, онда жұмысты одан әрі жандандыра түсер едік», - дейді Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бөлім меңгерушісі Надежда Филиппова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама