Онымен қоймай, мамандар 2023 жылдың 16 наурызына жоспарланған «Союз МС-23» ғарыш кемесі мерзімінен бұрын ұшырылады деп отыр
Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) түйіскен ресейлік «Союз МС-22» ғарыш кемесінің жабдығы жылуды реттеу жүйесіндегі апат салдарынан істен шығуы мүмкін. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Мамандардың пікірінше, енді күнге қызып, жердің көлеңкесінде қатып қалатын техникалық жабдықтар істен шығуы мүмкін. Ал бұған дейін ХҒС-қа түйіскен «Союз МС-22» кемесіндегі ғарышкерлер Сергей Прокопьев пен Дмитрий Петелиннің ғарышқа шығуының тоқтатылғаны бейнекамераға түсіп қалған болатын.
Сонда да зымыран-ғарыш саласының баспасөз қызметі жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, қазір мемлекеттік корпорация өкілдері ғарыш кемесіндегі құралдардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жылу режимін қамтамасыз етуді ойластырып жатқан көрінеді.
Онымен қоймай, мамандар 2023 жылдың 16 наурызына жоспарланған «Союз МС-23» ғарыш кемесінің ұшырылуы мерзімінен бұрын жүзеге асуы мүмкін деп отыр.