Қазір онда КХДР-дың осы жаңа зымыранның ұшырылуына қатысты ақпаратты жинау және талдау бойынша дағдарыс штабы жұмыс істеп жатыр
Бүгін таңертең Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыран ұшырды. Ұшыру туралы жапондық жағалау күзеті хабарлады. Қазір олар зымыран құлаған жерді іздеп жатыр.
Бұл ретте бірінші ұшырылымнан 25 минут өткен соң тағы бір зымыранның ұшырылғаны белгілі болған.
Қазір жапон патрульдік кемелеріне зымыран сынықтары табылған жағдайда айлақтағы кемелерге жақындамауға кеңес беріліп отыр. Ал NHK телеарнасының хабарлауынша, зымыран Жапон теңізіндегі ерекше экономикалық аймақтан тыс жерге құлауы мүмкін.
Бүгін Жапония премьер-министрі Фумио Кисиданың кеңсесі жанында КХДР-дың осы жаңа зымыранның ұшырылуына қатысты ақпаратты жинау және талдау бойынша дағдарыс штабы жұмыс істей бастады. Сондай-ақ Жапонияның Қорғаныс министрлігі де тиісті деректерді жинаумен және тексерумен айналысады.
Еске сала кетсек, бұған дейін соғыстан сақтанған жапон халқының 44 мың долларға бомбадан қорғайтын үйлерді сатып ала бастағанын жазған едік.