×

«Әбу-Даби Плаза» ғимаратынан өрт шықты

Бұған дейін бірнеше рет жанған ғимаратта тағы төтенше жағдай болды

 Халық үні 10.03.2022 | 16:30
фото: Halyq Uni

Орталық Азия мен Қазақстандағы ең биік ғимарат - елордадағы «Әбу-Даби Плазадан» өрт шықты. Бірінші қабаттағы желдету камерасы жанды.

Бизнес орталық қызметкерлері және келушілер өрт сөндірушілер келгенше эвакуацияланды. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер әрі құрбандар жоқ. Тілсіз жаумен күресуге департаменттің 61 өрт сөндірушісі жұмылдырылып, олар отты 20 минутта ауыздықтады.

«Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы 2010 жылғы қарашада басталған. Жоспар бойынша, 2016 жылдың соңында толық тапсырылуға тиіс еді. Ол 75 қабаттан тұрады. Биіктігі шамамен 320 метр. Жалпы аумағы – 510 мың шаршы метр. Бүгінде ғимаратта сауда-ойын-сауық орталығы, қонақүй кешені сияқты бірқатар көпфункционалды нысан жұмыс істеп тұр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама