×

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов UFC-де үшінші рет жеңіске жетті

Морозов америкалық Джорни Ньюсонға (10-3) қарсы шықты

 Халық үні 18.12.2022 | 07:45
Фото: baq.kz

Қазақстандық спортшы Сергей Морозов (18-5) Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 216 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Морозов америкалық Джорни Ньюсонға (10-3) қарсы шықты. Ең жеңіл салмақтағы бұл кездесу үш раундқа есептелген болатын және онда төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық спортшы ММА-дегі кәсіби мансабында 12-жеңісіне қол жеткізді. Ал Джорни Ньюсон 4-рет жеңілді. UFC-дегі жарысқа келетін болсақ, бұл Морозовтың промоушндегі үшінші жеңісі (екі рет жеңілді), ал Ньюсон болса үшінші рет жеңіліп отыр (әзірге ол тек бір рет қана жеңіске жетті. Оның тағы бір кездесуі орындалмаған болып есептелді).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама