Жігіттің мәйітін жазық даладан қойларын іздеген қойшы тауып алған.
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылында бір ай бұрын жоғалып кеткен 24 жастағы жігіт 16 желтоқсанда даладан өлі табылды, деп хабарлады «Ақ Жайық».
Ол 20 қарашадан үйінен таңертең шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Басында оны ТЖД және полиция қызметкерлері іздесе, кейін іздеу жұмыстарына «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Алайда іздеуден нәтиже шықпады.
Мәйітті даладан Қаракөлден 22 шақырым жердегі «Өмірәлі» деген жердегі бейіттердің арасынан қойларын іздеп жүрген шопан тауып алған.