Оқиға салдарынан 1 бала жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды
Ақтөбеде жаттықтырушы мен балалар мінген көлік жол апатына ұшырап, бір бала көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2022 жылғы 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолының 68 шақырымында Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған «Toyota Estima» автокөлігі аударылды.
Автокөлік ішінде 11 адам, соның ішінде 2010-2011 жылдары туған 9 бала болды. Олар Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына волейболдан жарысқа қатысу үшін шыққан.
Оқиға салдарынан 1 бала жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды, қалған 8 бала Ақтөбе қаласындағы Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.