×

Таулы аймақтарда көшкін қаупі сақталады – ТЖМ

Қар жамылғысының қалыңдығы 70-тен 150 см-ге дейін

 Динара Амантай 17.12.2022 | 15:30
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жетісу облысында көшкін қаупі бар 61 учаске және 416 мұздақ көл бар, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мұздақ-мұздық көлдер мен қар көшкіні қаупі бар учаскелердің жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында Жетісу-Алатау тау жотасына аэровизуалды тексерулер жүргізілген.

Әуеден барлау жұмыстарына Жетісу облысы әкімінің орынбасары А.А. Жақанбаев, Жетісу облысы ТЖД бастығы Б.Ш. Избасаров, «Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалы басшысының м.а. А.С. Сабырбаев және ТЖД ТЖААБ бастығы Р. Т. Тазабеков қатысты.

Бүгінде таулы жерлерде қар жамылғысының қалыңдығы 70-тен 150 см-ге дейін. Қар көшкінінің өздігінен түсуі анықталған жоқ. Гидрологиялық жағдайлар тұрақты, мұздақ көлдер қысқы режимде, таулы аймақтарда көшкін қаупі сақталады.

Жалпы облыс бойынша көшкін қаупі бар 61 учаске және 416 мұздақ көл бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама