Демалыс аймағында қар көшкіні бес рет жүрген
Шымбұлақ тау шаңғы курортында қар көшкіні жүріп, бір адам қаза тапты. Қайғылы оқиға бүгін таңертең болған.
Қар көшкіні курорттың Комби-2 бөлігінде жүрген. Төменге сырғанап келе жатқан демалушы қар көшкінінің астында қалып, оны құтқарушылар аман алып қала алмады.
Қар көшкіні бірнеше рет болған. Оқиға орнына сағат 11:00 шамасында жеткен құтқарушылар демалушы азаматты қар астынан алып шыққан. Сағат 11:25-те туристі фельдшерлік-акушерлік пунктке жеткізген. Бірақ арада 4 минут өткен соң мамандар туристің қайтыс болғанын айтқан.