×

Шымбұлақтағы қар көшкіні салдарынан бір адам көз жұмды

Демалыс аймағында қар көшкіні бес рет жүрген

 Ербол Тұрымбет 10.03.2022 | 14:59
көрнекі фото: olympic.kz

Шымбұлақ тау шаңғы курортында қар көшкіні жүріп, бір адам қаза тапты. Қайғылы оқиға бүгін таңертең болған.

Қар көшкіні курорттың Комби-2 бөлігінде жүрген. Төменге сырғанап келе жатқан демалушы қар көшкінінің астында қалып, оны құтқарушылар аман алып қала алмады.

Қар көшкіні бірнеше рет болған. Оқиға орнына сағат 11:00 шамасында жеткен құтқарушылар демалушы азаматты қар астынан алып шыққан. Сағат 11:25-те туристі фельдшерлік-акушерлік пунктке жеткізген. Бірақ арада 4 минут өткен соң мамандар туристің қайтыс болғанын айтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама