Қазақстан күнтізбесіне тағы екі мереке енгізілуі мүмкін
Құжат 28 желтоқсанға дейін талқыланады

көрнекі фото: elorda.info
Қазақстан күнтізбесіне жаңадан екі мереке күні енгізілмек. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» үкімет қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізілуі мүмкін.
Мерекелердің тізіміне екі жаңа күн енгізу ұсынылады:
- 28 қаңтар – ҚР Қаржылық мониторинг органдарының күні;
- 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні.
Құжат Ашық НҚА порталында жарияланған, ол 2022 жылғы 28 желтоқсанына дейін талқыланады.