×

Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

Жиналғандар мемлекеттің тәуелсіздігі жолында қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

 Халық үні 16.12.2022 | 12:35
фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды. Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев та қатысты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсімге қала тұрғындары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылар және тағы басқалар қатысты.

Іс-шараға қатысушылар мемлекеттің тәуелсіздігі жолында өз өмірін қиғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизоны әскери-үрмелі оркестрі және сарбаздарының Қазақстан Республикасы гимн орындауымен аяқталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама