Halyq Uni логотип
×

Алматыда бес адамды жайратып салған Игорь Дужновқа қатысты іс сотқа жолданды

Алматылықтың қолынан екі полицей, сот орындаушы, үйдің жаңа иесі және оның өкілі қаза тапты

 Ербол Тұрымбет 10.03.2022 | 14:49
Алматыда бес адамды жайратып салған Игорь Дужновқа қатысты іс сотқа жолданды
Игорь Дужнов, фото: ашық дереккөзден

Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың ісі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

2021 жылы 20 қыркүйекте Алматы қаласындағы «Ақбұлақ» шағынауданында қайғылы оқиға болды. 54 жастағы ер адам үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген сот орындаушыларына, полиция қызметкерлеріне және үйдің жаңа иесі мен оның өкіліне аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Нәтижесінде екі полиция қызметкері, бір сот орындаушысы және екі бейбіт тұрғын, соның ішінде үйдің жаңа қожайыны қаза тапты. Қайғылы оқиға салдарынан қайтыс болған бесінші адамның жаңа үй қожайынының танысы екені анықталды.

Алматыдағы атыс бойынша «Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл жасау» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама