×

Абай облысында аяқ киімге тапсырыс берген әйел бір қорап есірткі алған

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Халық үні 15.12.2022 | 23:50
Фото: polisia.kz

Жаңа аяқ киімге тапсырыс берген Абай облысының тұрғыны бір қорап есірткі алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2 желтоқсанда Үржар полиция бөліміне 59 жастағы әйелден хабарлама келіп түсті. Ол 30 қараша күні аяқ киімге тапсырыс бергенін, алайда сол күні аяқ киімнің орнына өсімдік тектес ерекше иісі бар жасыл түсті зат алғанын хабарлаған.

Тәртіп сақшылары курьердің шатасып басқа қорап жібергенін анықтады.

Содан полиция қызметкерлері қаскөйдің ізіне түсіп, «ізін суытпай» ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 34 жастағы жұмыссыз ер адамды ұстаған. Жеке тінту жүргізу барысында одан ерекше иісі бар, өсімдік тектес заты бар скотчпен оралған картон қорап тәркіленді. Қаскөйдің үйін тінту барысында өсімдік тектес және ерекше иісі бар скотчпен оралған 4 ұқсас қорап табылып, тәркіленеді.

Сараптама көрсеткендей, зерттеуге ұсынылған зат салмағы 72 келіден асатын кептірілген марихуана екені анықталды.

Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар сыбайластарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама