Алматыда ЖОО оқытушысы мен студенті бір күнде көз жұмды: полиция мәлімдеме жасады
13 желтоқсанда Алматы энергетика және байланыс университетінің оқытушысы мен студенті қайтыс болды
Алматыда жоғары оқу орнының оқытушысы мен студенті бір күнде көз жұмды.Оқу орны олардың өлімі бір-бірімен байланысты емес екенін мәлімдеді, деп хабарлады Экспресс К.
Қалалық полиция департаментінен хабарлағандай, студенттің өлімінің алдын ала себебі жүрек жеткіліксіздігі.
«Жас жігіттің өліміне алдын ала болжам бойынша жүрек жеткіліксіздігі себеп болған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- делінген хабарламада.
Оқытушы өз үйінде қайтыс болған, полиция оның өліміне қатысты мәлімет жоқ екенін хабарлады.
Айта кетейік, 13 желтоқсанда Алматы энергетика және байланыс университетінің 70 жастағы оқытушысы мен 22 жастағы студенті қайтыс болды.