Көлгінов халықты вакциналау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
ВАК отырысында коронавирус тараған кезде қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы айтылды
Вице-премьер Алтай Көлгінов мемлекеттік органдардың басшыларына, әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды тапсырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде қараша айының басынан бастап коронавируспен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Тәулігіне КВИ +235 және КВИ -40 жағдайы тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттанушылық 21%-ға артқан (аптасына 1 001 жағдайдан 1 283-ке дейін).
Бүгінде барлық өңірлер «жасыл» аймақта. Сонымен қатар 15 өңірде R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл – инфекцияның таралуының өсуінің белгісі. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес R көрсеткіші 1-ден жоғары болса, қоғамдық орындарда маска тағу ұсынылады» — деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Сондай-ақ вице-премьер Алтай Көлгінов мемлекеттік органдардың басшыларына, әкімдіктерге халық арасында вакциналау және ревакцинациялау жұмыстарына қатысты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.