Halyq Uni логотип
×

Қызылордада Антикордың жалған қызметкері ұсталды

Ол тұрғынды алдап, 500 мың теңге алған

 Дәурен Ерболат 15.12.2022 | 17:17
Қызылордада Антикордың жалған қызметкері ұсталды
Фото: kzvesti.kz

Қызылордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) жалған қызметкері ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл 13 желтоқсанда агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Антикордың жалған қызметкері ұстады.

1988 жылы туған Ж. есімді күдікті өзін Антикордың Қызылорда облысы бойынша Өзіндік қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жұмысқа орналастырамын деп қала тұрғынан 500 мың теңге алған. Агенттік қызметкерлері оның заңға қайшы әрекетін әшкереледі, - деп жазылған хабарламада.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Осыған ұқсас фактілер бойынша ақпарат болған жағдайда Антикордың 1424, +7 778 788 39 30 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама