Halyq Uni логотип
×

Ресей Үндістанға мұнайды өзі үшін шығынға сата бастады

Үнділер Urals-қа жеңілдік беруді талап етіп, ойларына келген бағаларын айтып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 15.12.2022 | 16:48
Ресей Үндістанға мұнайды өзі үшін шығынға сата бастады
фото: ашық дереккөз

Ресей шикі мұнайын сатып алатын елдер болмай бара жатқан соң, оны Үндістанға өзіне шығын келтіретін бағамен сатуға кірісті. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Батыс санкциялары жағдайында экспорт бағытын шығысқа бұру Ресейдің шикізаттық экономикасын тақырға отырғызуды жалғастырып жатыр, – делінген хабарламада.

Азияның нарығына шығып, жаздың өзінен бері «кері рентабельділікке» ұрына бастаған көмір компаниялары мен металлургтерден соң елдің экспорттық табыстарының ең басты көзі – мұнай өнеркәсібі де бұл салада шығынмен жұмыс істей бастады.

Ресей баррельдерінің тең жартысына жуығын сатып алатын ең ірі әріптес болып отырған Үндістанға мұнайды РФ порттары арқылы танкермен жеткізіп беру желтоқсаннан бастап шығынды бола бастады, – деп жазды The Moskow News.

Еуропа эмбаргосынан кейін үнділік сатып алушылар Urals-қа жеңілдік беруді талап етіп, ойларына келген бағаларын айта бастады. Ал Ресей мұнайының эскпорттағы табысының 60 пайызын осы Орал мұнайы құрайтын еді.

Егер Үнідстан қазанда Urals-ты Brent-тен 5 доллардан 8 долларға арзандатып алса, желтоқсанда жеңілдік тағы 12 доллардан 15 долларға дейін төмендеп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама