×

Мессидің әсерін барынша шектеуге тырысамыз - Дидье Дешам

Ойын сапасы, тәжірибе мен ойлау арқасында біз финалға жеттік, - дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 15.12.2022 | 15:23
фото: semana.com

Футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Аргентина командасы мен Лионель Месси туралы ойын айтты, деп хабарлады vesti.kz.

2018 жылы Ресейде өткен Әлем чемпионатында франциялықтар Аргентинаны 1/8 финалда ұтқан болатын. Осы жолы екі команда финалда ойнайды.

«Бұл оңай болған жоқ. Бірақ ойын сапасы, тәжірибе мен ойлау арқасында біз финалға жеттік.

Месси турнир басынан тамаша ойнады. Төрт жылдан кейін ол бізге қарсы орталық шабуылшы позициясында болады. Қазір ол өзге шабуылшымен көбірек ойнайды.

Дегенмен әлі де бостандығы жетерлік. Жақсы ойыншы, дриблингте де керемет. Біз оның әсерін барынша шектеуге тырысамыз. Олар да біздің кей футболшымызды солай етуге тырысады», - деді Дидье Дешам.

Еске сала кетсек, бұған дейін футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Францияның ұлттық құрамасы Марокко командасын жеңгеннен кейін елде жаппай тәртіпсіздік басталғанын жазған едік. Толқу қазір Франциямен қатар, Бельгияда да болып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама