Ол келісімшарт бойынша сапер-маман болып жұмыс істеген
Жаңаөзенде келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкер өз бөлмесінде асылып қалды. Ақпаратты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ресми ақпарат бойынша 2022 жылдың 15 желтоқсанында сағат 02:40-та 5548 әскери бөлімінің келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі Еспосынов тұрғылықты жері бойынша жатақхана бөлмесінде дарға асылған күйінде табылған. Мәйітті әріптесі көрген.
Lada.kz басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға Ұлттық ұланның 5548 әскери бөліміндегі жатақханада болған. Анықталғандай, 19 жастағы әскери қызметкер өз белдігімен асылып өлген.
Ол Ұлттық ұлан қатарында 2021 жылдан бері қызмет етеді. Ақтөбе облысынан келген. Келісімшарт бойынша сапер-маман болып жұмыс істеді. Ол туралы туыстарына ескертілді. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз, - деді Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа.
Қазір аталған факт бойынша жергілікті құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Өлім себептері мен жағдайлары анықталып жатыр.
Жауынгерлік қамтамасыз ету взводының инженерлік-саперлік тобының маманы (сапер) қатардағы жауынгер Дамир Қайратұлы Еспосынов 2003 жылы 21 қаңтарда дүниеге келген.
Бойдақ, білімі орта, Ақтөбе облысының тумасы.