8 қарашадан 8 желтоқсанға дейінгі аралық соғыс басталғаннан бергі қантөгісі ең көп кезең болды
Украина әскерлері Кадиевкада 60-қа жуық басқыншыны, Мелитопольде РФ 58-армиясының басшыларын жойып жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина Қарулы күштерінің бас штабы 13 желтоқсан, сейсенбі күннің кешінде соңғы 3 тәулікке шолу жасады.
Луганск облысының Кадиевка қаласында 11 желтоқсан күнгі жойқын шабуылдың нәтижесінде 60-қа жуық ресейлік әскери қызметкерлер өлтірілді. Жүзге жуық басқыншы жараланды. Сондай-ақ РФ армиясы Запорожье облысында да көп шығынға ұшырады, – делінген хабарламада.
Хабарламада Мелитопольде Ресейдің 58-армиясы басшылық құрамының жойылғаны арнайы атап айтылады. Бұдан басқа, Энергодар, Токмак және Гуляйполе елді мекендерінде жаудың 3 артиллериялық қондырғысы, 10 әртүрлі соғыс техникасы, 150 адам күші жойылған.
Сондай-ақ Украина қорғаныс күштерінің ракета әскерлері бөлімшелері мен артиллериялары Ресей оккупанттары жеке құрамының екі аудандағы шоғырын жаусатып салды.
РФ армиясы үшін 8 қарашадан 8 желтоқсанға дейінгі аралық Украинаға қарсы соғыс басталғанан бергі қантөгісі ең көп, ауыр кезең болды. Осы бір айдың ішінде Ресейге жақтас құрылымдардың бәрі 21 мың адамынан айырылса, 43 мың адамы жараланып, қатардан шығып қалды.
Осыны хабарлаған ресейлік ниеттегі «Воля» басылымы РФ әскерінің Бахмут бағытындағы ұрыстарда айрықша көп шығынға ұшырағанын хабарлады.
Аталған басылым жазғандай, ресейлік қарулы құрылымдар (РФ Қарулы күштері, Росгвардия, «Вагнер» әскери құрылымы, еріктілер жасақтарының барлық түрі) биылғы 8 қараша-8 желтоқсан аралығында ауырып және жарақаттанып қалғандарын қоса есептегенде, 64 520 адамынан айырылып қалған. Егер РФ-ның соғыс басталған 9,5 айдан бергі тұтқынға түскен, ауырып қалған және жарақаттанған адам шығындарын есептесе, ол 270 764 болады екен.