Семейдегі өрт: ЖЭО көмірін әскерилер қолмен жағып жатыр
Өрт салдарынан көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылған
Құтқарушылар мен әскери қызметшілер Семей қаласының 1-жылу электр орталығындағы қазандыққа көмірді қолмен салып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін сағат 00.34-те Семей қаласындағы 1-ЖЭО-да ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған. Түнгі сағат 01.36-да өрт толығымен сөндірілді. Соның салдарынан қатты отын – көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылған.
Сағат 10-нан бастап Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері үздіксіз режимде қазандық агрегаттарына қатты отынды қолмен салу жұмыстарын бастады.