×

Қызылорда облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

Оқиғаның мән-жайлары анықталуда

 Халық үні 15.12.2022 | 06:20
фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды polisia.kz. 

14 желтоқсан күні Қызылорда облысының Теренөзек-Қызылорда тас жолының 60/31 шақырымында КамАЗ бен бензовоз көліктері жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан 4 адам көз жұмып, бір адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама