30 градус аяз: Еліміздің бірнеше өңірінде жол жабылды

Халық үні

Жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен дизельді жеңіл көліктері үшін жабылды

Скрин: Youtube

Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабылды. Абай облысындаауа температурасының 30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты жолдар жабылды.

Атап айтқанда, «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 587-733 шақырымы (Павлодар облысының шекарасы мен Семей қаласының аралығы), «Семей-РФ шекарасы» тасжолының 3-113 шақырымы, «Семей-Қайнар» тасжолының 8-266 шақырымы, «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымы (Герасимовка ауылы мен Семей аралығы) жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен дизельді жеңіл көліктері үшін жабылды.

Шығыс Қазақстандааталған көлік түрлеріне «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 15-102, 105-123 шақырымдарында жүруге тыйым салынған.

Павлодар облысында «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 427-587 шақырымында автобустар мен дизель отынымен жүретін жеңіл көліктердің қозғалысы шектелді.

Бұл - Кенжекөл кенті мен Абай облысының шекарасындағы жол.