Halyq Uni логотип
×

Астанада митинг ұйымдастырған Марат Әбиев 2 айға қамауға алынды

Ол кінәсін мойдамайтынын айтқан

 Халық үні 14.12.2022 | 19:50
Астанада митинг ұйымдастырған Марат Әбиев 2 айға қамауға алынды
фото: ашық дереккөзден

Астана қаласында митинг ұйымдастырған Марат Әбиев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі елорданың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына хабарлады. 

«12 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Ж.Әбиевті қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Марат Әбиев 26 қараша күні елордада рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған еді. Оның үстінен бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі заңнамасын бұзу және полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбау бойынша екі хаттама толтырылған.

Ол кінәсін мойдамайтынын айтқан. Ал құзырлы органның мәліметінше, М.Әбиевтің кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманың нақты мәліметтері, видеожазба және басқа да материалдармен дәлелденген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама