×

«Төртінші». Жәнібек Әлімханұлы қуанышты жаңалығын бөлісті

Ол ұлының атын Хан деп қойды

 Дастан Жұмабекұлы 14.12.2022 | 13:31
фото: ашық дереккөз

Орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы қуанышты жаңалығын айтты. Төртінші перзенті дүниеге келіп жатыр екен.

Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желіде жазды.

Төртінші. Әлхамдулилла! Бұл өмірге қош келдің, ұлым! Есімін Хан қойдым! Хан Жәнібек! –  деді ол Twitter желісінде. 

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста орта салмақта (72,574 кг) өнер көрсетеді. Ол кәсіпқой бокста әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Әуесқой бокста 2016 жылы болған Олимпиадаға қатысқан. 2013 жылы әлем чемпионы болған. 2013-2014 жылдары Азия чемпионы, 2014 жылы Азия ойындарының чемпионы атанған халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама