Halyq Uni логотип
×

Беларусь әскері соғыс жағдайына көшіріліп жатыр

Қарулы күштердің оқу-жаттығу жиыны басталды

 Дастан Жұмабекұлы 14.12.2022 | 12:01
Беларусь әскері соғыс жағдайына көшіріліп жатыр
фото: ашық дереккөз

Беларусьте күтпеген жерден әскерлердің дайындық сапын тексеруге арналған оқу-жаттығу жиыны басталып кетті. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Жиын Қауіпсіздік кеңесі мемлекеттік секретариатының басшылығымен қолға алынды. Осыған байланысты республикада «азаматтардың қозғалысын уақытша шектеу» жарияланды.

Тексеру жүргізуді бастауды президент Александр Лукашенко тапсырды.

Енді әскерлерге өте қысқа уақыт ішінде белгіленген аудандарға жылжып барып, инженерлік құрылыстар жасауға, күзет пен қорғаныс ұйымдастыруға, Неман және Березина өзендері үстерінен өткелдер салуға тура келеді, – делінген Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Желтоқсанның басында Лукашенкомен кездесу үшін Беларуське Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу келіп қайтты. Содан кейін, 7 желтоқсанда «контрреволюциялық қатер» барын желеу еткен белорус билігі әскерлері мен әскери техникаларын жан-жаққа ауыстырып орналастыруды бастап кетті.

Мұның алдында, 10 қазанда Александр Лукашенко Ресеймен өңірлік бірлескен әскерлер тобын құру туралы келісім бар екенін айтқан болатын. Осыдан кейін РФ өз техникалары мен әскерлерін Беларуське жеткізе бастады.

Беларусь Қорғаныс министрлігі қазір топта 9 мың ресейлік әскери бар екенін атап өтті.

Бұдан басқа, Ресей Беларуське 170 танк, 200 жауынгерлік бронды машина, 100 мм калибрлі 100-ден аса миномет жеткізеді, – деді министрдің көмекшісі Валерий Ревенко.

Әскерлердің бірлескен тобы оқу-жаттығу жиынын бірге өткізулері тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама