Моңғолияда көмір ұрлығына бұрынғы президенттің қатысы бар болып шықты
Баттулга көмір өндіруге, тасымалдауға және тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік ақшаға сатып алуға қатысқан.
Моңғолияның бұрынғы президенті Халтмаагийн Баттулга, жеті депутат және бір губернатор көмірді ірі көлемде ұрлау ісіне күдікті деп танылды. Тізімде барлығы 35 адам бар.
Бұл туралы РИА Новости елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетіне сілтеме жасап хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Президент Әкімшілігінің бұрынғы төрағасы, сондай-ақ бұрынғы көлікті дамыту министрі Баттулга көмір өндіруге, тасымалдауға және тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік ақшаға сатып алуға қатысқан.
«Қазіргі уақытта барлығы 22 тергеу ісі жүргізілуде. Тергеу барысында 47 нысанда тінту жүргізіліп, 15 адам қамауға алынып, он адам ұсталды», - деді Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті тергеу бөлімі басшысының орынбасары.
Бұған дейін моңғол мемлекеттік көмір өндіру және экспорттау компаниясының бұрынғы басшысы Баттулгын Ганхуяг, оның туыстары және бірнеше кәсіпкер тінту жүргізілгеннен кейін ұсталғаны белгілі болды.