Талдықорғанда 47 жастағы ер адам өзін-өзі атып өлтірді: оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

Халық үні

Қызметінен босатылған соң марқұм қаржылық қиындықтарды көтере алмауы мүмкін деген болжам бар

Фото: khabar.kz

«ҚазАгроҚаржы» компаниясының Алматы облысындағы филиалының бұрынғы топ-менеджері Ержан Устаев алдын алдын ала мәлімет бойынша өз көлігінде өзін-өзі атып өлтірген, деп хабарлады «Время» басылымы.

3 желтоқсанда 12:30-да Талдықорған қаласының Көктем шағын ауданында Toyota Hilux Pick көлігінің ішінде оның өлі денесін өтіп бара жатқан адамдар тауып алған.

Устаев өз көлігінде өзін-өзі атып өлтірген.

Дерек бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. «ҚазАгроҚаржы» компаниясындағы қызметінен босатылған соң марқұм қаржылық қиындықтарды көтере алмауы мүмкін деген болжам бар.  

4 қыркүйекте ол 47 жасқа толған.