Талдықорғанда 47 жастағы ер адам өзін-өзі атып өлтірді: оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты
Қызметінен босатылған соң марқұм қаржылық қиындықтарды көтере алмауы мүмкін деген болжам бар
«ҚазАгроҚаржы» компаниясының Алматы облысындағы филиалының бұрынғы топ-менеджері Ержан Устаев алдын алдын ала мәлімет бойынша өз көлігінде өзін-өзі атып өлтірген, деп хабарлады «Время» басылымы.
3 желтоқсанда 12:30-да Талдықорған қаласының Көктем шағын ауданында Toyota Hilux Pick көлігінің ішінде оның өлі денесін өтіп бара жатқан адамдар тауып алған.
Устаев өз көлігінде өзін-өзі атып өлтірген.
Дерек бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. «ҚазАгроҚаржы» компаниясындағы қызметінен босатылған соң марқұм қаржылық қиындықтарды көтере алмауы мүмкін деген болжам бар.
4 қыркүйекте ол 47 жасқа толған.