2023 жыл жексенбі күні басталып, демалыс күндері 3 қаңтарға дейін жалғасады
Биыл 2023 жыл жексенбі күні басталып, демалыс күндері 3 қаңтарға дейін жалғасады. Қазақстандықтар 4, 5 және 6 қаңтарда жұмыс істейді.
2023 жылы 7 қаңтарда тойланатын Рождество мерекесі сенбіге, демалыс күніне сәйкес келеді. Осылайша демалыс күні ауыстырылмайды.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 31 желтоқсанға және 1, 2, 3, 7, 8 қаңтарға сәйкес келеді. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 1, 2, 3, 7, 8 қаңтар болады.
Еске салайық, биыл Тәуелсіздік күніндегі демалыс күндері қысқарды. Енді мереке тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады. Ал 17 желтоқсан жұмыс күні болады. Биыл 17 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді және демалыс күні болады.