×

Оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге кезексіз 20 гектар жер беріледі

Заңға енгізілетін өзгеріс 2023 жылы күшіне енеді

 Дәурен Ерболат 13.12.2022 | 16:42
Фото: Halyq Uni

Енді оңтүстіктен солтүстікке көшкен қазақстандықтар мен қандастарға өз кәсібін жүргізуге кезексіз 20 гектар жер беріледі. Бұл туралы Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, биыл оңтүстіктен солтүстікке 7 550 адам көшкен. Оның 1 200-і – қандас, тек 76 адам оңтүстікке қайтқан.

Солтүстіктен көшіп кеткен 33 адамға сол жақтың климаты, ал 30 адамға солтүстіктен тапқан жұмысы ұнамаған. Енді биыл солтүстікке көшіп барған азаматтарға өз шаруашылығын жүргізуге кезексіз 20 гектарға дейін жер беру мәселесі заң жобасында тұр, - деді Ілияс Испанов ОКҚ-да өткен брифингте.

Осы орайда ол бұрын солтүстікке көшіп барған қазақстандықтар мен қандастарға 40 сотық және 1 гектар жер біріліп келгенін жеткізді.

Енді шаруа қожалығын жүргізуге 20 гектар жер беріледі. Бірінші 5 жылда жер жалға беріледі. Егер 5 жылда ол өзі ойлаған межеге жетіп, кәсібін дамытса, онда жер 49 жылға жалға беріледі, - деді басшы.

Бүгінде заң жобасы депутаттардың қарауында жатыр.

«Өзгеріс күшіне енген жоқ. Біз ұсынысты енгіздік. Қазір заң жобасы депутаттардың қарауында жатыр. Заң жаңа жылдан кейін күшіне енуі керек. Көктемгі егіс жұмыстары басталғанға дейін өзгерісті күшіне енгізуге тырысамыз», - деді Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама