Қорғаныс министрілігі тиісті қаулы жобасын әзірледі
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес, Қорғаныс министрлігі «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» Үкімет қаулысын әзірледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Осы қаулыдағы қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2023 жылы 24 ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын, – делінген құжатта.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаулы жобасы «Ашық НҚА» бөліміндегі «Электрондық үкімет» порталында биыл 27 желтоқсанға дейін талқылауға қойылған.